АЛМАТЫ, 21 сәуір – Sputnik. Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров тағайындалды. Бұл жайында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тікелей эфирдегі сұхбатында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда тағы бір облыстың бас дәрігері қызметінен кетті
Бұған дейін бұл қызметті Тілеухан Әбілдаев атқарды. Министрдің айтуынша, Әбілдаев қызметінен өз еркімен кетті.
"Осы қиын жағдайға байланысты тәжірибелі қызметкерді, вице-министрді жіберу туралы шешім қабылданды", – деп атап өтті министр.
Сонымен қатар Біртанов мұның барлығы халықтың мүддесі үшін жасалып жатқанын, осы салаға тәжірибелі мамандардың жұмылдырылғанын атап өтті.