Өңірлер

Денсаулық сақтау вице-министрі не себепті қызметінен кеткені белгілі болды

© Sputnik / Тимур БатыршинВице-министр здравоохранения Камалжан Надыров
Вице-министр здравоохранения Камалжан Надыров  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Камалжан Надыров Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды, ол Тілеухан Әбілдаевтың орнына келді

АЛМАТЫ, 21 сәуір – Sputnik. Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров тағайындалды. Бұл жайында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тікелей эфирдегі сұхбатында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда тағы бір облыстың бас дәрігері қызметінен кетті

Бұған дейін бұл қызметті Тілеухан Әбілдаев атқарды. Министрдің айтуынша, Әбілдаев қызметінен өз еркімен кетті.

"Осы қиын жағдайға байланысты тәжірибелі қызметкерді, вице-министрді жіберу туралы шешім қабылданды", – деп атап өтті министр.

Сонымен қатар Біртанов мұның барлығы халықтың мүддесі үшін жасалып жатқанын, осы салаға тәжірибелі мамандардың жұмылдырылғанын атап өтті.

Жаңалықтар
0