НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин 12 қыркүйекте WBA орта салмақтағы чемпионы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізбейді. Бұл туралы қазақстандық боксшының бапкері Джонатан Бэнкстің айтты, деп жазды Prosports.kz.
"Канелоның командасы қыркүйек айында жекпе-жек өткізуге шақырды, бірақ мен бас тарттым. Біздің жоспарымыз – Камил Шереметаға қарсы айқас, содан кейін тағы бір жекпе-жек бар", - деді Бэнкс.
Оның айтуынша, Головкин содан кейін ғана "Канеломен" айқасқа дайын болады.
"Бұрын біз Альварестің командасына жекпе-жек өткізуге дайын екенімізді жеткізген едік, бірақ олар бас тартты. Егер оларға бұл жекпе-жек қатты қажет болса, кейінірек өтеді. Біз мұны бірге жасауымыз керек", - деп түсіндірді бапкер.
Оқи отырыңыз: Майк Тайсон бокс тарихындағы ең ұлы боксшыны атады
Еске сала кетейік, GGG орта салмақтағы IBF титулын қорғау үшін міндетті жекпе-жек өткізуі керек. Жоспар бойынша маусым айында Головкин поляк Камил Шереметамен жұдырықтасуы тиіс болатын.