Спорт

Головкин "Канеломен" қыркүйекте жекпе-жек өткізуден бас тартты

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsБой Головкин - Альварес
Бой Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшы орта салмақтағы IBF титулын қорғау үшін поляк Камил Шереметамен жұдырықтасуы тиіс еді

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин 12 қыркүйекте WBA орта салмақтағы чемпионы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізбейді. Бұл туралы қазақстандық боксшының бапкері Джонатан Бэнкстің айтты, деп жазды Prosports.kz.  

"Канелоның командасы қыркүйек айында жекпе-жек өткізуге шақырды, бірақ мен бас тарттым. Біздің жоспарымыз – Камил Шереметаға қарсы айқас, содан кейін тағы бір жекпе-жек бар", - деді Бэнкс.

Оның айтуынша, Головкин содан кейін ғана "Канеломен" айқасқа дайын болады.

"Бұрын біз Альварестің командасына жекпе-жек өткізуге дайын екенімізді жеткізген едік, бірақ олар бас тартты. Егер оларға бұл жекпе-жек қатты қажет болса, кейінірек өтеді. Біз мұны бірге жасауымыз керек", - деп түсіндірді бапкер.

Оқи отырыңыз: Майк Тайсон бокс тарихындағы ең ұлы боксшыны атады

Еске сала кетейік, GGG орта салмақтағы IBF титулын қорғау үшін міндетті жекпе-жек өткізуі керек. Жоспар бойынша маусым айында Головкин поляк Камил Шереметамен жұдырықтасуы тиіс болатын.

Жаңалықтар
0