НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны артты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан жедел штабқа сілтеме жасап.
"Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 18 адам тіркелді, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 8, Алматы облысында – 8, Батыс Қазақстан облысында – 2 науқас", - делінген ресми хабарламада.
Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай мерзімі мамыр айында созыла ма?
Осылайша, астанада инфекция жұқтырғандың саны 341 адамға жетті. Жалпы, Қазақстанда 1498 науқас тіркелген:
- Алматы қаласында – 461 адам,
- Қарағанды облысында - 87 адам,
- Ақмола облысында - 81 адам,
- Атырау облысында - 72 адам,
- Жамбыл облысында - 53 адам,
- Шымкент қаласында - 46 адам,
- Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам,
- Алматы облысында - 37 адам,
- Ақтөбе облысында - 18 адам,
- Солтүстік Қазақстан облысында - 29 адам,
- Павлодар облысында - 15 адам,
- Маңғыстау облысында - 12 адам,
- Қызылорда облысында - 143 адам,
- Батыс Қазақстан облысында - 32 адам,
- Түркістан облысында - 56 адам,
- Қостанай облысында - 7 адам.