Қоғам

COVID-19 індетін жұқтырғандардың саны артып жатыр

© REUTERS / KHALIL ASHAWIПробирки с пробами на коронавирус
Пробирки с пробами на коронавирус  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 18 адам тіркелді, оның сегізі Нұр-Сұлтан қаласында, сегізі Алматы облысында  

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны артты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан жедел штабқа сілтеме жасап.  

"Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 18 адам тіркелді, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 8, Алматы облысында – 8, Батыс Қазақстан облысында – 2 науқас", - делінген ресми хабарламада.

Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай мерзімі мамыр айында созыла ма?

Осылайша, астанада инфекция жұқтырғандың саны 341 адамға жетті. Жалпы, Қазақстанда 1498 науқас тіркелген:  

  • Алматы қаласында – 461 адам,
  • Қарағанды облысында - 87 адам,
  • Ақмола облысында - 81 адам,
  • Атырау облысында - 72 адам,
  • Жамбыл облысында - 53 адам,
  • Шымкент қаласында - 46 адам,
  •  Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам,
  • Алматы облысында - 37 адам,
  • Ақтөбе облысында - 18 адам,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 29 адам,
  • Павлодар облысында - 15 адам,
  • Маңғыстау облысында - 12 адам,
  • Қызылорда облысында - 143 адам,
  • Батыс Қазақстан облысында - 32 адам,
  • Түркістан облысында - 56 адам,
  • Қостанай облысында - 7 адам.
Жаңалықтар
0