НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 927 болды, деп хабарлайды жедел штаб.
"Алматыда 16 адамда және Батыс Қазақстан облысында бір адамда коронавирус инфекциясы расталды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда 249 адам, Алматыда - 160, Қарағанды облысында - 65, Ақмола облысында - 71, Атырау облысында - 59 , Жамбыл облысында - 46, Шымкентте - 38, Шығыс Қазақстан облысында - 6, Алматы обылыснда - 12, Ақтөбе облысында - 11, Солтүстік Қазақстан облысында - 25, Павлодар облысында - 10, Маңғыстау облысында - 10, Қызылорда облысында - 117, Батыс Қазақстан облысында - 9, Түркістан облысында - 36, Қостанай облысында - 3 адамда вирус анықталды.