Қоғам

Қазақстанда тағы 16 адамда COVID-19 расталды

© REUTERS / ANNEGRET HILSEМедработник в маске готовит препараты для пациента
Медработник в маске готовит препараты для пациента - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы қаласында бірден 15 адамда коронавирус анықталды. Індетті жұқтырған тағы бір адам Батыс Қазақстан облысында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 927 болды, деп хабарлайды жедел штаб.

"Алматыда 16 адамда және Батыс Қазақстан облысында бір адамда коронавирус инфекциясы расталды", - деп жазылған хабарламада. 

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда 249 адам, Алматыда - 160, Қарағанды облысында - 65, Ақмола облысында - 71, Атырау облысында - 59 , Жамбыл облысында - 46, Шымкентте - 38, Шығыс Қазақстан облысында - 6, Алматы обылыснда - 12, Ақтөбе облысында - 11, Солтүстік Қазақстан облысында - 25, Павлодар облысында - 10, Маңғыстау облысында - 10, Қызылорда облысында - 117, Батыс Қазақстан облысында - 9, Түркістан облысында - 36, Қостанай облысында - 3 адамда вирус анықталды.

Жаңалықтар
0