Дерекқор

Төтенше жағдайға байланысты 42 500 теңгені алу үшін не істеу керек

Төтенше жағдай режиміне байланысты табысынан айырылған қазақстандықтарға мемлекет тарапынан 42 500 теңге төленеді
Sputnik

Әлеуметтік төлем кімдерге беріледі

  • Микро, ШОБ субъектілерінің жұмысшылары;
  • Жеке кәсіпкерлер;
  • Жеке практикамен айналысатындар;
  • Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер;
  • Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс табатындар,
  • Каратинге алынған елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің жұмысшылары.

42 500 теңгені қалай алуға болады

  • Электронды цифрлық қолтаңба немесе бір реттік парольмен egov.kz порталына тіркелу;
  • Оң жақ бұрышта аты-жөніңіз шығады, соған басып, "Электронды өтініштер" сервисін таңдау;
  • Ұсынылған нысанды толтыру:

Пошта адресі

"Мемлекеттік қызметтің атауы" деген тұсқа "Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына әлеуметтік төлем тағайындау" деп көрсету;

Өз облысыңызды немесе республикалық маңыздағы қаланы таңдау;

"Алушы" деген жолға өз өңіріңіз бойынша "Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын" көрсету;

"Мазмұны" деген жерге "Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына әлеуметтік төлем тағайындау" деп көрсету;

Аудан, email, телефон, ұсынылған құжаттар тізімі көрсетілген өтінішті толтырып, қол қойып, оның электронды нұсқасын бекіту;  

Үлгіні жүктеу - enbek.kz/docs/sites/default/files/zayavlenie.docx

Аты-жөні, ЖСН, банк атауы, IBAN, телефон нөмірі және төтенше жағдай басталған дата көрсетілген өтінішті толтырып, электронды нұсқасын бекіту.

Үлгіні жүктеу - enbek.kz/docs/sites/default/files/spisok.docx

  • Электронды цифрлық қолтаңба арқылы қол қойып, өтінішті жолдау.

Жауап egov.kz жеке кабинетіне үш жұмыс күні ішінде келеді.

Жұмыс берушілер өтінішті кірісінен айырылған жұмысшылардың тізімімен қоса ұсынады.