Әлеуметтік төлем кімдерге беріледі
- Микро, ШОБ субъектілерінің жұмысшылары;
- Жеке кәсіпкерлер;
- Жеке практикамен айналысатындар;
- Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер;
- Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс табатындар,
- Каратинге алынған елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің жұмысшылары.
42 500 теңгені қалай алуға болады
- Электронды цифрлық қолтаңба немесе бір реттік парольмен egov.kz порталына тіркелу;
- Оң жақ бұрышта аты-жөніңіз шығады, соған басып, "Электронды өтініштер" сервисін таңдау;
- Ұсынылған нысанды толтыру:
Пошта адресі
"Мемлекеттік қызметтің атауы" деген тұсқа "Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына әлеуметтік төлем тағайындау" деп көрсету;
Өз облысыңызды немесе республикалық маңыздағы қаланы таңдау;
"Алушы" деген жолға өз өңіріңіз бойынша "Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын" көрсету;
"Мазмұны" деген жерге "Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына әлеуметтік төлем тағайындау" деп көрсету;
Аудан, email, телефон, ұсынылған құжаттар тізімі көрсетілген өтінішті толтырып, қол қойып, оның электронды нұсқасын бекіту;
Үлгіні жүктеу - enbek.kz/docs/sites/default/files/zayavlenie.docx
Аты-жөні, ЖСН, банк атауы, IBAN, телефон нөмірі және төтенше жағдай басталған дата көрсетілген өтінішті толтырып, электронды нұсқасын бекіту.
Үлгіні жүктеу - enbek.kz/docs/sites/default/files/spisok.docx
- Электронды цифрлық қолтаңба арқылы қол қойып, өтінішті жолдау.
Жауап egov.kz жеке кабинетіне үш жұмыс күні ішінде келеді.
Жұмыс берушілер өтінішті кірісінен айырылған жұмысшылардың тізімімен қоса ұсынады.