Елорда тынысы

Қазақстан елордасының орталық көшелері бос қалды – фото

Әдетте жылдың осы мезгілінде қазақстандықтар көктем мен жаңарудың мерекесі – Наурызды тойлап жататын. Бірақ 2020 жылдың 22 наурызы бос қалған көшелермен есте қалмақ: астаналықтар карантин жариялануына байланысты демалыс күндерін үйде өткізіп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз - Sputnik. Нұр-Сұлтан көшелерінде адам аз, тұрғындар үйінде отыр, коммуналдық және жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр.   

Қазақстан елордасының орталық көшелері бос қалды – фото

Елімізде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында төтенше жағдай жарияланды, ал Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі енгізілді.

Қазақстан елордасының орталық көшелері бос қалды – фото

"Барлық эпидемияға қарсы шара Наурыз мейрамына тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан, ел тарихында алғаш рет Ұлыстың ұлы күні жаңа форматта тойлануда: астаналықтарға вирустың таралуын мейлінше азайту үшін үйде отырып, жаңа жылды отбасымен бірге қарсы алуға кеңес берілді", - деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты

22 наурыз сағат 00.00-ден бастап елордаға кіру және шығу жолдары толығымен жабылды. Қалада кәсіпкерлердің карантин режимін сақтауын тексеру мақсатында рейдтер өткізілуде.