Өңірлер

Шымкентте Jýsan Bank бөлімшесіне шабуыл жасалды

Банк қызметкерлері мен клиенттері арасында зардап шеккендер жоқ. Қарақшылық шабуыл жасаған адам қолға түсті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Шымкент қаласында Jýsan Bank бөлімшесіне қарулы шабуыл жасалды. Тонаушыны банктің қауіпсіздік бөлімінің қызметкері ұстады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Банк қызметкерлері мен клиенттері арасында зардап шеккендер жоқ.

Шымкентте Jýsan Bank бөлімшесіне шабуыл жасалды

Мангельдин көшесі, 43/1 мекенжайында орналасқан Jýsan Bank-тің №112 бөлімшесінде 1971 жылы туған ер адам ұсталған, ол оқу-жаттығу гранатасымен қорқытып, кассадағы қолма-қол ақшаны алып кетпек болған, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Елордада қомақты ақша шешіп алған зейнеткерді банктің жанында тонап кетті

Jýsan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып бұл жағдай Jýsan Bank-тің қызметкерлерінің дайындығы пен кәсіби біліктілігі жоғары екенін тағы бір рет дәлелдегенін атап өтті

"Біздің клиенттеріміз Jýsan Bank-тің бөлімшелерінде қажетті банк қызметтерін қауіпсіз түрде қолдана алады. Осындай күрделі уақытта біз қауіпсіздік шараларын күшейттік және бәріне дайынбыз", – деді ол.