Саясат

Асқар Мамин Ресей және Беларусь үкімет басшыларымен не туралы сөйлесті

Премьерлер телефон арқылы сөйлесу барысында экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкімет төрағасы Михаил Мишустинмен және Беларусь премьері Сергей Румаспен телефон арқылы сөйлесті.

Primeminister.kz сайты хабарлағандай, үкімет басшылары Қазақстан-Ресей және Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылды талқылады. 

Ресей премьер-министрінің Қазақстанға сапары

Айта кетейік, Михаил Мишустин премьер-министр ретінде Қазақстанға алғашқы шетелдік сапарын жасады. Ол 31 қаңтарда Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында болып, 1 ақпанда Нұр-Сұлтанға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуге барды.

Сол күні Ресей премьері Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Қазақстанның тұңғыш президенті Михаил Мишустинді Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалуымен құттықтады.

Маминнің Румаспен кездесуі

Румас пен Мамин 31 қаңтарда Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген және шағын құрамдағы отырысында кездесті. Тараптар 12 мәселені талқылады. Талқылаудың негізгі бағыты – Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеуі және оның нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру.