Өңірлер

Көктайғақ және тұман: ертеңге ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. 23 ақпанда Қазақстанның бірнеше облысында атмосфералық ағымдардың әсерінен жауын-шашын, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Республиканың батысы мен солтүстік-батысында күн ашық. Шығыста бұрқасын болжанып отыр.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда қар жауып, көктайғақ болады және тұман түседі. Сынап бағанасы күндіз -3, -6°C, түнде -6, -7°C көрсетеді.

Алматыда күн бұлыңғыр, жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз +3, +5°C, түнде +1, +3°C.

Шымкентте күн ашық, ауа температурасы +2, +12°C, түнде -1 градусқа дейін төмендейді.

Өңірлерде ауа райы қандай болады

Жамбыл және Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында – тұман, бұрқасын және жолдарда көктайғақ, жел.

Түркістан облысын тұман басады, найзағай жарқылдайды.

Тағы оқыңыз: Жүргізушілер төрт күннен бері Нұр-Сұлтан – Павлодар тас жолында тұр – видео

Алматы облысында желдің екпіні 17-22 м/с дейін барады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түседі деп күтілуде.