НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. 23 ақпанда Қазақстанның бірнеше облысында атмосфералық ағымдардың әсерінен жауын-шашын, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Республиканың батысы мен солтүстік-батысында күн ашық. Шығыста бұрқасын болжанып отыр.
Мегаполистердегі ауа райы
Нұр-Сұлтанда қар жауып, көктайғақ болады және тұман түседі. Сынап бағанасы күндіз -3, -6°C, түнде -6, -7°C көрсетеді.
Алматыда күн бұлыңғыр, жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз +3, +5°C, түнде +1, +3°C.
Шымкентте күн ашық, ауа температурасы +2, +12°C, түнде -1 градусқа дейін төмендейді.
Өңірлерде ауа райы қандай болады
Жамбыл және Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында – тұман, бұрқасын және жолдарда көктайғақ, жел.
Түркістан облысын тұман басады, найзағай жарқылдайды.
Тағы оқыңыз: Жүргізушілер төрт күннен бері Нұр-Сұлтан – Павлодар тас жолында тұр – видео
Алматы облысында желдің екпіні 17-22 м/с дейін барады.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түседі деп күтілуде.