Экономика

Ноғаев ресейлік әріптесімен кездесті

Қызметіне тағайындалғаннан кейінгі алғашқы екі жақты кездесуде энергетика министрі Александр Новакпен энергетика саласындағы өзара әрекет мәселесін талқылады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан — Sputnik. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев ресейлік әріптесі Александр Новакпен кездесті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ноғаев ресейлік әріптесімен кездесті

Министрлер екі жақты әріптестік және Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы серіктестік мәселелелерін талқылады.

Нұрлан Ноғаев "Сила Сибири – 2" газ құбырын Қазақстан аумағымен өткізіп, Қытайдың "Батыс-Шығыс" жүйесіне қосу туралы ұсыныс жасады.

Тағы оқыңыз: "Әкімнің уәдесі қайда?": Теңіз кенішінің жұмысшылары тағы бас көтерді

Ведомство басшысы Қазақстан мен Ресей ОПЕК+ келісімінің болашағына қатысты позицияны талқылап жатқанын атап өтті. Негізгі жайттар келісілді. Алайда нақты шешім әлі жоқ.