НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан — Sputnik. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев ресейлік әріптесі Александр Новакпен кездесті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
© Photo : пресс-служба Минэнергетики КазахстанаЭнергетика министрі Нұрлан Ноғаев ресейлік әріптесі Александр Новакпен кездесті
Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев ресейлік әріптесі Александр Новакпен кездесті
© Photo : пресс-служба Минэнергетики Казахстана
Министрлер екі жақты әріптестік және Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы серіктестік мәселелелерін талқылады.
Нұрлан Ноғаев "Сила Сибири – 2" газ құбырын Қазақстан аумағымен өткізіп, Қытайдың "Батыс-Шығыс" жүйесіне қосу туралы ұсыныс жасады.
Тағы оқыңыз: "Әкімнің уәдесі қайда?": Теңіз кенішінің жұмысшылары тағы бас көтерді
Ведомство басшысы Қазақстан мен Ресей ОПЕК+ келісімінің болашағына қатысты позицияны талқылап жатқанын атап өтті. Негізгі жайттар келісілді. Алайда нақты шешім әлі жоқ.