НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан — Sputnik. "KEGOC" АҚ ұлттық операторы елдің оңтүстігіндегі елдімекендерге жарық берілгенін хабарлады.
Жақында Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындары жарықсыз қалған болатын.
Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, желіде "KEGOC" ұлттық операторының 500 кВ-ы сөндірілгендіктен, төрт облыстың тұрғындары жарықсыз қалған.
Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда полиция "Хан Шатырды" қоршап алды
"Қазіргі уақытта шектеу алынды, электр энергиясын беру қалпына келтірілді. Абоненттерді қосып жатырмыз", - деді баспасөз қызметі.
Мамандар себебін анықтап жатыр.