Өңірлер

Қазақстанның оңтүстігі неге жарықсыз қалды?

© AP Photo / Mohssen AssanimoghaddamЭлектросети
Электросети - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жақында төрт бірдей оңтүстік өңір тұрғындары жарықсыз қалған болатын. Энергетика министрлігі себебін анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан — Sputnik. "KEGOC" АҚ ұлттық операторы елдің оңтүстігіндегі елдімекендерге жарық берілгенін хабарлады. 

Жақында Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындары жарықсыз қалған болатын. 

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, желіде "KEGOC" ұлттық операторының 500 кВ-ы сөндірілгендіктен, төрт облыстың тұрғындары жарықсыз қалған.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда полиция "Хан Шатырды" қоршап алды   

"Қазіргі уақытта шектеу алынды, электр энергиясын беру қалпына келтірілді. Абоненттерді қосып жатырмыз", - деді баспасөз қызметі.

Мамандар себебін анықтап жатыр.

Жаңалықтар
0