НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан — Sputnik. Өзбекстанда Әндіжан облысының әкімі Шухрат Абдурахмоновтың спортшы Руслан Нуриддиновтың үйлену тойында сөйлеген сөзі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.
Атақты спортшының үйлену тойы 2 ақпанда өтті, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.
Өңір басшысы жас жұбайларды құттықтап, облыстың барлық қызы өзінің қорғауында болатынын айтқан.
Оқи отырыңыз: Тойда күйеуін қызғанған әйелдің әрекеті жұрттың ішек-сілесін қатырды – видео
"Әндіжанның барлық тұрғыны менің туысқаным. Ол жайында Интернетте де, теледидардан да айтып жүрмін. Интернетте жұлдыз болсам керек. Әндіжанның барлық қызы менің қызым! Оларды ренжіткен адамдардың жанын аламын", - деп мәлімдеді Абдурахмонов.