Әлем

Әкімнің тойдағы даулы мәлімдемесі желіде қызу талқылануда – видео   

CC0 / pixabay.com/Elkimmelito / Свадебные кольца, архивное фото
Свадебные кольца, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әндіжан облысының басшысы үйлену тойында жас жұбайларды құттықтап, өңірдің барлық қызын өзі қорғайтынын мәлімдеді 

НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан — Sputnik. Өзбекстанда Әндіжан облысының әкімі Шухрат Абдурахмоновтың спортшы Руслан Нуриддиновтың үйлену тойында сөйлеген сөзі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

Атақты спортшының үйлену тойы 2 ақпанда өтті, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от PANORAMAUZ - Media Kanal (@panoramauz.official)

Өңір басшысы жас жұбайларды құттықтап, облыстың барлық қызы өзінің қорғауында болатынын айтқан. 

Оқи отырыңыз: Тойда күйеуін қызғанған әйелдің әрекеті жұрттың ішек-сілесін қатырды – видео

"Әндіжанның барлық тұрғыны менің туысқаным. Ол жайында Интернетте де, теледидардан да айтып жүрмін. Интернетте жұлдыз болсам керек. Әндіжанның барлық қызы менің қызым! Оларды ренжіткен адамдардың жанын аламын", - деп мәлімдеді Абдурахмонов.

Жаңалықтар
0