Оқиға

Жамбыл облысында жаппай төбелес болды - видео

Жамбыл облысы полиция департаментінің тергеу басқармасын "Бұзақылық" бабына сәйкес тергеуді басталды
Sputnik

ТАРАЗ, 7 ақпан — Sputnik. Жамбыл облысының Масанчи ауылында жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлады өңірлік полиция департаменті. 

"Полиция қызметкерлерінің күшімен төбелес тоқтатылды. Жағдай бақылауға алынды", - деп жазылған ведомствоның ақпаратында.

Жамбыл облысы полиция департаментінің тергеу басқармасында қылмыстық кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Төбелес қатысушылары анықталып жатыр. 

Тағы оқыңыз: Тас лақтырып, соққыға жықты: Қордайда не болып жатыр - видео

Құқық қорғау органдары тек ресми ақпаратқа сеніп, жалған хабар таратпауға шақырды. 

Сондай-ақ, полиция әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.