ТАРАЗ, 7 ақпан — Sputnik. Жамбыл облысының Масанчи ауылында жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.
"Полиция қызметкерлерінің күшімен төбелес тоқтатылды. Жағдай бақылауға алынды", - деп жазылған ведомствоның ақпаратында.
Жамбыл облысы полиция департаментінің тергеу басқармасында қылмыстық кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Төбелес қатысушылары анықталып жатыр.
Тағы оқыңыз: Тас лақтырып, соққыға жықты: Қордайда не болып жатыр - видео
Құқық қорғау органдары тек ресми ақпаратқа сеніп, жалған хабар таратпауға шақырды.
Сондай-ақ, полиция әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.