Мишустин премьер ретінде Алматыға алғаш рет келді және ЕАЭО үкімет басшыларының отырысына қатысты. Үкіметаралық кеңестің күн тәртібіне 12 мәселе қойылды. Алайда екі сағат ішінде премьерлер 50-ге жуық проблемалық тақырыпты қозғады.
Кеңейтілген отырыста ЕАЭО-ның жұмыс органы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) төрағалығынан Тигран Саркисянның кететіні белгілі болды.
Оған ЕАЭО-ны дамытуға сіңірген еңбегі үшін I дәрежелі Столыпин медалі табысталды. Саркисян ЕЭК-ті 2016 жылдан бері басқарды.
Тағы оқыңыз: ЕАЭО елдерінің премьер-министрлері келесі кездесу орнын белгіледі
Үкіметаралық кеңес аясында Армения мен Ресей премьерлерінің екіжақты кездесуі өтті. Никол Пашинян Мишустинге селфиге түсуді ұсынды.