Видео

Алматыда ЕАЭО премьерлерінің кездесуі қалай өтті – видео

Жазылу
Алматыда өткен ЕАЭО елдері премьерлерінің отырысы ресми күн тәртібінен бөлек, Никол Пашинян мен Ресей үкіметінің жаңа басшысы Михаил Мишустиннің селфиімен де есте қалды

Мишустин премьер ретінде Алматыға алғаш рет келді және ЕАЭО үкімет басшыларының отырысына қатысты. Үкіметаралық кеңестің күн тәртібіне 12 мәселе қойылды. Алайда екі сағат ішінде премьерлер 50-ге жуық проблемалық тақырыпты қозғады.

Кеңейтілген отырыста ЕАЭО-ның жұмыс органы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) төрағалығынан Тигран Саркисянның кететіні белгілі болды.

Оған ЕАЭО-ны дамытуға сіңірген еңбегі үшін I дәрежелі Столыпин медалі табысталды. Саркисян ЕЭК-ті 2016 жылдан бері басқарды.

Тағы оқыңыз: ЕАЭО елдерінің премьер-министрлері келесі кездесу орнын белгіледі

Үкіметаралық кеңес аясында Армения мен Ресей премьерлерінің екіжақты кездесуі өтті. Никол Пашинян Мишустинге селфиге түсуді ұсынды.

Жаңалықтар
0