Оқиға

Павлодар облысында үй өртеніп, үш адам ажал құшты – оқиға орнында түсірілген суреттер

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жолды қалың қар басқандықтан, құтқарушылар отқа оранған үйге тек бір сағаттан соң жеткенін хабарлады
Sputnik

ПАВЛОДАР, 26 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысының Успенский ауданындағы үйде үш ер адам тірідей өртенді. Бұл туралы  Sputnik Қазақстанға Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Павлодар облысында үй өртеніп, үш адам ажал құшты – оқиға орнында түсірілген суреттер

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Успенский ауданындағы Надаровка ауылында өрт шыққаны туралы хабар жұма, 24 қаңтар күні сағат 10:35 кезінде түскен. Ең жақын жердегі өрт сөндіру бекеті ауылдан 47 шақырым жерде орналасқан. Қалың қар салдарынан өрт сөндіру көлігінің жолын К-700 тракторымен ашуға тура келді. Сондықтан құтқарушылар оқиға орнына тек бір сағаттан соң жеткен.

Бес бөлмелі үй түгі қалмай өртеніп кетті. Шатыры құлаған. Өрт 140 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт 12:20- да ауыздықталып, 13:54-те тоқтатылды. 

Павлодар облысында үй өртеніп, үш адам ажал құшты – оқиға орнында түсірілген суреттер
Өрт салдарынан 46 жастағы үй иесі мен 1952 және 1957 жылы туған тағы екі ер адам қаза болды. Өрт сөндірушілер өртке оранған ғимараттан сыйымдылығы 27 литр болатын екі газ баллонын алып шықты.

Жалынды ауыздықтауға жеке құрамның алты қызметкері мен алты жергілікті тұрғын атсалысты.