ПАВЛОДАР, 26 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысының Успенский ауданындағы үйде үш ер адам тірідей өртенді. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Успенский ауданындағы Надаровка ауылында өрт шыққаны туралы хабар жұма, 24 қаңтар күні сағат 10:35 кезінде түскен. Ең жақын жердегі өрт сөндіру бекеті ауылдан 47 шақырым жерде орналасқан. Қалың қар салдарынан өрт сөндіру көлігінің жолын К-700 тракторымен ашуға тура келді. Сондықтан құтқарушылар оқиға орнына тек бір сағаттан соң жеткен.
Бес бөлмелі үй түгі қалмай өртеніп кетті. Шатыры құлаған. Өрт 140 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт 12:20- да ауыздықталып, 13:54-те тоқтатылды.
Жалынды ауыздықтауға жеке құрамның алты қызметкері мен алты жергілікті тұрғын атсалысты.