Оқиға

Жезқазғанда Қазақмыстың бас директоры жараланды - оқиға кабинетінде болған

Полицияның ақпаратына сәйкес, шабуыл жасаған адам өз-өзіне қол салған. Екі зардап шегуші ауруханаға жеткізілді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Қарағанды облысының полициясы Жезқазғандағы Қазақмыс корпорациясының кәсіпорнында болған жағдай туралы айтты.

Полицияның мәліметіне сәйкес, сейсенбі,  21 қаңтар күні кешкі сағат 18:20-да "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС  бас директоры Амангелді Мініғұлов пен "Кәсіп қорған" кәсіподағының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов арасында жанжал шыққан. Тәжбенов Мініғұловтың арқасына пышақ сұғып алған. Сондай-ақ, араша түскен "Қазақмыс" корпорациясының маманы Сабыржан Тембаевтың да кеуде тұсынан жарақат салған.

Жезқазғанда Қазақмыстың бас директоры жараланды - оқиға кабинетінде болған

Куәгерлердің айтуынша, бұдан соң Тәжбенов оқиға орнында өз-өзіне қол жұмсаған.

Тағы оқыңыз: Жамбыл облысында имам көршісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді

Мініғұлов пен Тембаев ауруханаға түсті. Оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.