НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Қарағанды облысының полициясы Жезқазғандағы Қазақмыс корпорациясының кәсіпорнында болған жағдай туралы айтты.
Полицияның мәліметіне сәйкес, сейсенбі, 21 қаңтар күні кешкі сағат 18:20-да "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС бас директоры Амангелді Мініғұлов пен "Кәсіп қорған" кәсіподағының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов арасында жанжал шыққан. Тәжбенов Мініғұловтың арқасына пышақ сұғып алған. Сондай-ақ, араша түскен "Қазақмыс" корпорациясының маманы Сабыржан Тембаевтың да кеуде тұсынан жарақат салған.
Куәгерлердің айтуынша, бұдан соң Тәжбенов оқиға орнында өз-өзіне қол жұмсаған.
Тағы оқыңыз: Жамбыл облысында имам көршісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді
Мініғұлов пен Тембаев ауруханаға түсті. Оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.