Әлем

Путин премьер қызметін кімге ұсынды?

Ресей президенті Владимир Путин Михаил Мишустинмен кездесіп, оған Ресейдің премьер-министрі қызметін ұсынды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар - Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің федералды салық қызметінің басшысы Михаил Мишустиннің кандидатурасын премьер-министр қызметіне ұсынды. Оны мемлекеттік дума мақұлдауы тиіс, деп хабарлайды РИА Новости.

Айта кетсек, 15 қаңтар күні Владимир Путин федералдық жиналысқа жолдауын жасады.

Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев президент жолдауынан кейін үкімет отставкаға кететінін мәлімдеді.

Тағы оқыңыз: Асқар Мамин төраға қызметінен кетті

Ресей президенті Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметі енгізілетінін айтты. Ол жаңа қызметті Дмитрий Медведевке ұсынды. Путин Медведевке үкімет басшысы қызметін атқарғаны үшін алғыс айтты.