НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар - Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің федералды салық қызметінің басшысы Михаил Мишустиннің кандидатурасын премьер-министр қызметіне ұсынды. Оны мемлекеттік дума мақұлдауы тиіс, деп хабарлайды РИА Новости.
Айта кетсек, 15 қаңтар күні Владимир Путин федералдық жиналысқа жолдауын жасады.
Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев президент жолдауынан кейін үкімет отставкаға кететінін мәлімдеді.
Тағы оқыңыз: Асқар Мамин төраға қызметінен кетті
Ресей президенті Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметі енгізілетінін айтты. Ол жаңа қызметті Дмитрий Медведевке ұсынды. Путин Медведевке үкімет басшысы қызметін атқарғаны үшін алғыс айтты.