Видео

Қазақстандық бүлдіршіндердің айтысы жұртты күлкіге қарық қылды – видео

Әлеуметтік желілерде балабақшада айтысқан бүлдіршіндердің видеосы қызу талқыға түсті. Кішкентай айтыскерлер 21 мың теңге мен кредит тақырыбын көтерді
Sputnik

"Соңғы кезде елімізде көп жаңалық, саясаттар болып жатыр таңғаларлық. 21 мың теңгені әр балаға төлеп беріп, аналарға табыс болды қуантарлық", - деді Айзере есімді кішкентай айтыскер.

Бүлдіршіндер сөз додасында кредит тақырыбын да қозғады.

"Әңгімесі кредиттің гулеп кетті. Бір кредит өтелсін деп жарлық шықты. Бір кредитінен құтылған жеңешем, орамалын желпілдетіп билеп кетті", - дейді екінші балақай.

Тағы оқыңыз: Тойда күйеуін қызғанған әйелдің әрекеті жұрттың ішек-сілесін қатырды – видео 

Желі қолданушылары оларға кішкентай "Балғынбек пен Айнұр" деп ат қойған (Балғынбек Имашев және Айнұр Тұрсынбаева – қазақтың танымал ақындары).

Бүлдіршіндер қазақстандықтарға бейбітшілік тілеп, сахнаға қайта оралуы мүмкін екенін жеткізді.

Қазақстандықтар Жаңа жылда мерекелік көңіл-күй сыйлағаны үшін балабақша тәрбиешілеріне алғыс білдірді.