"Соңғы кезде елімізде көп жаңалық, саясаттар болып жатыр таңғаларлық. 21 мың теңгені әр балаға төлеп беріп, аналарға табыс болды қуантарлық", - деді Айзере есімді кішкентай айтыскер.
Бүлдіршіндер сөз додасында кредит тақырыбын да қозғады.
"Әңгімесі кредиттің гулеп кетті. Бір кредит өтелсін деп жарлық шықты. Бір кредитінен құтылған жеңешем, орамалын желпілдетіп билеп кетті", - дейді екінші балақай.
Тағы оқыңыз: Тойда күйеуін қызғанған әйелдің әрекеті жұрттың ішек-сілесін қатырды – видео
Желі қолданушылары оларға кішкентай "Балғынбек пен Айнұр" деп ат қойған (Балғынбек Имашев және Айнұр Тұрсынбаева – қазақтың танымал ақындары).
Бүлдіршіндер қазақстандықтарға бейбітшілік тілеп, сахнаға қайта оралуы мүмкін екенін жеткізді.
Қазақстандықтар Жаңа жылда мерекелік көңіл-күй сыйлағаны үшін балабақша тәрбиешілеріне алғыс білдірді.