Саясат

Тоқаев пен Мамин үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық барысын талқылады

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан — Sputnik. Премьер мемлекет басшысына еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындыларын баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан экономикасын алдағы кезеңге жұмылдыру мәселелері де қарастырылды.

Тағы оқыңыз: Өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыру: жаңа норма түсіндірілді

Сонымен қатар, үкіметтің 2020 жылы қаңтардың соңында өтетін кеңейтілген отырысына дайындық барысы талқыланды.

Кездесу соңында президент үкімет басшысына бірқатар нақты тапсырма берді.