НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан — Sputnik. Премьер мемлекет басшысына еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындыларын баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан экономикасын алдағы кезеңге жұмылдыру мәселелері де қарастырылды.
Тағы оқыңыз: Өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыру: жаңа норма түсіндірілді
Сонымен қатар, үкіметтің 2020 жылы қаңтардың соңында өтетін кеңейтілген отырысына дайындық барысы талқыланды.
Кездесу соңында президент үкімет басшысына бірқатар нақты тапсырма берді.