Қоғам

Қазақстандағы ең үлкен ту төмен түсірілді – фото

12 адамның өмірін қиған қайғылы жағдайға байланысты елде жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Бүкіл республикада байрақтар төмен түсірілді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан – Sputnik. Елордада орналасқан Қазақстанның ең үлкен туы бағана биіктігінің жартысына дейін түсірілді. Оның фотосы Желіде жарияланды.

Қазақстанның ең үлкен туы Нұр-Сұлтанның орталығында "Атамекен" этно-мемориалдық кешені аумағында орнатыған. Оның ресми ашылуы он жыл бұрын елорда күнін мерекелеу аясында өтті.

Қазақстандағы ең үлкен ту төмен түсірілді – фото

Тудың көлемі – 450 шаршы метр, ал салмағы 90 килограмм тартады. 15-те 30 метрлік елдің басты туы жай күндері 111 метр биіктікке көтеріледі.

1991 жылдан бастап Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан тарихында ұлттық аза тұту сегіз рет жарияланды.

Алматыдағы ұшақ апаты

Қайғылы оқиға 27 желтоқсан күні таңертең болды. Bek Air әуе компаниясының "Алматы – Нұр-Сұлтан" бағытындағы Fokker 100 ұшағы Талғар ауданында құлады.

"Намаз оқып жаттым": Астаналық жігіт құлаған ұшаққа неге отырмағанын айтты 

Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат 12 адамның өмірін қиды. Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Президентің тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады.