Қоғам

Қазақстандағы ең үлкен ту төмен түсірілді – фото

© Sputnik / Абзал КалиевСпущенный флаг Казахстана
Спущенный флаг Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
12 адамның өмірін қиған қайғылы жағдайға байланысты елде жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Бүкіл республикада байрақтар төмен түсірілді

НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан – Sputnik. Елордада орналасқан Қазақстанның ең үлкен туы бағана биіктігінің жартысына дейін түсірілді. Оның фотосы Желіде жарияланды.

Қазақстанның ең үлкен туы Нұр-Сұлтанның орталығында "Атамекен" этно-мемориалдық кешені аумағында орнатыған. Оның ресми ашылуы он жыл бұрын елорда күнін мерекелеу аясында өтті.

© Sputnik / Абзал КалиевТөмен түсірілген Қазақстанның туы
Қазақстандағы ең үлкен ту төмен түсірілді – фото - Sputnik Қазақстан
Төмен түсірілген Қазақстанның туы

Тудың көлемі – 450 шаршы метр, ал салмағы 90 килограмм тартады. 15-те 30 метрлік елдің басты туы жай күндері 111 метр биіктікке көтеріледі.

© Sputnik / Тимур БатыршинСпущенный флаг на здании акимата Алматы
Алматы әкімдігі ғимаратында Қазақстанның туы төмен түсірілді - Sputnik Қазақстан
1/4
Алматы әкімдігі ғимаратында Қазақстанның туы төмен түсірілді
© Sputnik / Тимур БатыршинФлаг Казахстана приспустили на здании консерватории имени Курмангазы
Құрманғазы атындағы консерваторияның ғимаратында Қазақстан туы түсірілді - Sputnik Қазақстан
2/4
Құрманғазы атындағы консерваторияның ғимаратында Қазақстан туы түсірілді
© Sputnik / Тимур БатыршинФлаг Казахстана приспустили на площади "Астана" в Алматы
 Алматыдағы Астана алаңында Қазақстанның туы төмен түсірілді  - Sputnik Қазақстан
3/4
Алматыдағы "Астана" алаңында Қазақстанның туы төмен түсірілді
© Sputnik / Тимур БатыршинСпущенный флаг на площади "Астана" в Алматы
 Алматыдағы Астана алаңында ту төмен түсірілді  - Sputnik Қазақстан
4/4
Алматыдағы "Астана" алаңында ту төмен түсірілді
1/4
Алматы әкімдігі ғимаратында Қазақстанның туы төмен түсірілді
2/4
Құрманғазы атындағы консерваторияның ғимаратында Қазақстан туы түсірілді
3/4
Алматыдағы "Астана" алаңында Қазақстанның туы төмен түсірілді
4/4
Алматыдағы "Астана" алаңында ту төмен түсірілді

1991 жылдан бастап Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан тарихында ұлттық аза тұту сегіз рет жарияланды.

Алматыдағы ұшақ апаты

Қайғылы оқиға 27 желтоқсан күні таңертең болды. Bek Air әуе компаниясының "Алматы – Нұр-Сұлтан" бағытындағы Fokker 100 ұшағы Талғар ауданында құлады.

"Намаз оқып жаттым": Астаналық жігіт құлаған ұшаққа неге отырмағанын айтты 

Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат 12 адамның өмірін қиды. Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Президентің тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады.

Жаңалықтар
0