НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Алматыда жолаушылар ұшағы ұшу жолағынан тыс жерден табылған, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға төтенше жағдайлар комитеті.
Кейін Алматы әуежайы болған оқиға жайлы алғашқы мәлеміттер берді.
"Бүгін Алматы-Нұр-Сұлтан рейсімен жолға шыққан "Бэк Эйр" әуе компаниясының борты жоспар бойынша сағат 7:05-те ұшып, радардан жоғалып кеткен. Бортта 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі бар", - делінген Алматы әуежайы мәліметінде.
Қолда бар мәлімет бойынша, апаттан жеті адам қаза тапқан, ұшақ екі қабатты ғимараттың үстіне құлаған.
Құлаған ұшақ моделі - Fokker 100. Қазір елімізде бұл транспорт моделін пайдалануға уақытша тыйым салынды. Төтенше жағдай фактісі бойынша үкіметтік комиссия құрылды.
Жедел жәрдем көліктері төтенше жағдай орнына бара жатыр.