Оқиға

Алматыда "Бек Эйр" жолаушылар ұшағы құлады: жеті адам қаза тапты - видео

© Sputnik / СтрингерКрушение самолета "Бек Эйр" в Алматы
Крушение самолета Бек Эйр в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы әуежайының хабарлауынша, бортында 95 жолаушысы бар Алматы-Нұр-Сұлтан рейсімен жолға шыққан ұшақ радардан жоғалып кеткен. Ұшақ ұшу жолағынан тыс жерден табылыпты

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Алматыда жолаушылар ұшағы ұшу жолағынан тыс жерден табылған, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға төтенше жағдайлар комитеті.

Кейін Алматы әуежайы болған оқиға жайлы алғашқы мәлеміттер берді.

"Бүгін Алматы-Нұр-Сұлтан рейсімен жолға шыққан "Бэк Эйр" әуе компаниясының борты жоспар бойынша сағат 7:05-те ұшып, радардан жоғалып кеткен. Бортта 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі бар", - делінген Алматы әуежайы мәліметінде.

Қолда бар мәлімет бойынша, апаттан жеті адам қаза тапқан, ұшақ екі қабатты ғимараттың үстіне құлаған.

Құлаған ұшақ моделі - Fokker 100. Қазір елімізде бұл транспорт моделін пайдалануға уақытша тыйым салынды. Төтенше жағдай фактісі бойынша үкіметтік комиссия құрылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Жедел жәрдем көліктері төтенше жағдай орнына бара жатыр.
Жаңалықтар
0