Саясат

Қазақстан президентінің іс басқармасында кадрлық ауыс-түйіс болды

Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Қазақстан Республикасы президенті іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент іс басқарушысының орынбасарын тағайындады.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлан Сапарұлы Оразбай Қазақстан Республикасы президенті іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды", - деп хабарлады Ақорда.

Мұрат Әйтенов Қазақстан Республикасы президенті іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды.

Президенттің іс басқармасы немен айналысады

Президенттің іс басқармасы – президенттің, саяси мемлекеттік қызметшілердің, парламент депутаттарының, мемлекеттік органдардың және олардың қызметкерлерінің қызметін қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган.

Тағы оқыңыз: Бозымбаевтың қызметінен не үшін кеткені белгілі болды

Ведомствоға бағынысты ұйымдар және олардың қызметі туралы ақпаратты ресми сайттан табуға болады.

Қазақстан Республикасы президентінің іс басқарушы – Ерлан Баттақов. Ол бұл қызметке тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кеткеннен кейін тағайындалды.