НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент іс басқарушысының орынбасарын тағайындады.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлан Сапарұлы Оразбай Қазақстан Республикасы президенті іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды", - деп хабарлады Ақорда.
Мұрат Әйтенов Қазақстан Республикасы президенті іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды.
Президенттің іс басқармасы немен айналысады
Президенттің іс басқармасы – президенттің, саяси мемлекеттік қызметшілердің, парламент депутаттарының, мемлекеттік органдардың және олардың қызметкерлерінің қызметін қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган.
Тағы оқыңыз: Бозымбаевтың қызметінен не үшін кеткені белгілі болды
Ведомствоға бағынысты ұйымдар және олардың қызметі туралы ақпаратты ресми сайттан табуға болады.
Қазақстан Республикасы президентінің іс басқарушы – Ерлан Баттақов. Ол бұл қызметке тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кеткеннен кейін тағайындалды.