Мәдениет

"Астана аруы-2019" байқауының жеңімпазы анықталды – фото

Биыл сұлулық байқауына 19 ару қатысты. Олардың арасында үздік бестікке Ханзада Әзірбай, Медина Зауырбек, Қарлығаш Жангарина, Наталия Федотенкова, Айзада Хабиболлаева енді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. "Астана аруы-2019" конкурсында 19 жастағы Айзада Хабиболлаева жеңіске жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Астана аруы-2019" байқауының жеңімпазы анықталды – фото

Осы жылы "Астана аруы-2019" байқауына қатысуға 17 мен 24 жас аралығындағы 583 бойжеткен өтініш білдірген. Ақтық сайыста өнер көрсетуге 19 ару өтті. Олар – Наталия Федотенкова, Раиса Пасмурцева, Назерке Едіге, Айзада Хабиболлаева, Анель Ершова, Ақбота Амангелді, Дайана Токкожина, Медина Зауырбек, Жұлдыз Жарылғасын, Ангелина Ванина, Наргис Шонизорова, Қарлығаш Жангарина, Камила Көптілеу, Динара Садирмекова, Владлена Рахман, Алина Серікова, Айдана Жақсылық, Ханзада Әзірбай, Айым Имашева.

"Астана аруы-2019" байқауының жеңімпазы анықталды – фото

Сұлулық байқауы бірнеше кезеңнен тұрды. Алдымен арулар вайнер Жека Fatbelly және әнші Ринат Малцаговтың орындауындағы әнге биледі. Кейін көрермендерге өз өнерлерін паш етті.

"Астана аруы-2019" байқауының жеңімпазы анықталды – фото

Байқауға қатысушылардың өнерін әділ-қазылар мүшелері – Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, танымал имидж-стилист Аида Есеналина, "Қазақстан студенттер альянсының" президенті Ілияс Түстікбаев, "Барыс" хоккей клубының қорғаушысы, құрылықтық хоккей лигасының ең сұңғақ ойыншысы (2 метр, 5 см) Виктор Сведберг, "Miss Kazakhstan" ұлттық конкурсының директоры Алена Кырбасова, "Miss Kazakhstan" ұлттық конкурсының әлеуметтік бағдарламалар директоры Совет Сейітов, дизайнер, стилист, "Жас қанаттар" іскер әйелдер қауымдастығы төрайымының орынбасары Зарина Ақшолақова бағалады.

"Астана аруы-2019" байқауының жеңімпазы анықталды – фото

Олардың шешімімен үздік бестікке Ханзада Әзірбай, Медина Зауырбек, Қарлығаш Жангарина, Наталия Федотенкова, Айзада Хабиболлаева енді.

Кейін аруларға түрлі сұрақтар қойылды. Байқауға қатысушылар бұл кезеңнен де сүрінбей өтті.

Әділ-қазылар алқасының шешімімен "Miss Astana" байқауында 19 жастағы Айзада Хабиболлаева жеңіске жетті. Ол арнайы тәжді киіп, "Miss Kazakhastan" ұлттық байқауына қатысуға мүмкіндік алды.

"Астана аруы-2019" байқауының жеңімпазы анықталды – фото

Бірінші орынды 20 жастағы Ханзада Әзірбай жеңіп алса, екінші орынды Қарлығаш Жангарина иеленді. Үшінші орын Наталия Федотенковаға бұйырды.

Айта кетейік, арулар байқауының ақтық сыны елордадағы "ҚазМедиа Холл" телерадиокешенінде өтті.