Мәдениет

"Астана аруы-2019" байқауының жеңімпазы анықталды – фото

© Sputnik / Владислав Воднев"Мисс Астана-2019" Айзада Хабиболлаева
Мисс Астана-2019 Айзада  Хабиболлаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл сұлулық байқауына 19 ару қатысты. Олардың арасында үздік бестікке Ханзада Әзірбай, Медина Зауырбек, Қарлығаш Жангарина, Наталия Федотенкова, Айзада Хабиболлаева енді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. "Астана аруы-2019" конкурсында 19 жастағы Айзада Хабиболлаева жеңіске жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

© Sputnik / Владислав Воднев "Астана аруы-2019" сұлулық байқауының қатысушылары
Астана аруы-2019 байқауының жеңімпазы анықталды – фото   - Sputnik Қазақстан
"Астана аруы-2019" сұлулық байқауының қатысушылары

Осы жылы "Астана аруы-2019" байқауына қатысуға 17 мен 24 жас аралығындағы 583 бойжеткен өтініш білдірген. Ақтық сайыста өнер көрсетуге 19 ару өтті. Олар – Наталия Федотенкова, Раиса Пасмурцева, Назерке Едіге, Айзада Хабиболлаева, Анель Ершова, Ақбота Амангелді, Дайана Токкожина, Медина Зауырбек, Жұлдыз Жарылғасын, Ангелина Ванина, Наргис Шонизорова, Қарлығаш Жангарина, Камила Көптілеу, Динара Садирмекова, Владлена Рахман, Алина Серікова, Айдана Жақсылық, Ханзада Әзірбай, Айым Имашева.

© Sputnik / Владислав Воднев "Астана аруы-2019" сұлулық байқауының қатысушылары
Астана аруы-2019 байқауының жеңімпазы анықталды – фото   - Sputnik Қазақстан
"Астана аруы-2019" сұлулық байқауының қатысушылары

Сұлулық байқауы бірнеше кезеңнен тұрды. Алдымен арулар вайнер Жека Fatbelly және әнші Ринат Малцаговтың орындауындағы әнге биледі. Кейін көрермендерге өз өнерлерін паш етті.

© Sputnik / Владислав Воднев"Астана аруы-2019" сұлулық байқауының қатысушылары
Астана аруы-2019 байқауының жеңімпазы анықталды – фото   - Sputnik Қазақстан
"Астана аруы-2019" сұлулық байқауының қатысушылары

Байқауға қатысушылардың өнерін әділ-қазылар мүшелері – Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, танымал имидж-стилист Аида Есеналина, "Қазақстан студенттер альянсының" президенті Ілияс Түстікбаев, "Барыс" хоккей клубының қорғаушысы, құрылықтық хоккей лигасының ең сұңғақ ойыншысы (2 метр, 5 см) Виктор Сведберг, "Miss Kazakhstan" ұлттық конкурсының директоры Алена Кырбасова, "Miss Kazakhstan" ұлттық конкурсының әлеуметтік бағдарламалар директоры Совет Сейітов, дизайнер, стилист, "Жас қанаттар" іскер әйелдер қауымдастығы төрайымының орынбасары Зарина Ақшолақова бағалады.

© Sputnik / Владислав Воднев"Астана аруы-2019" Айзада Хабиболлаева
Астана аруы-2019 байқауының жеңімпазы анықталды – фото   - Sputnik Қазақстан
"Астана аруы-2019" Айзада Хабиболлаева

Олардың шешімімен үздік бестікке Ханзада Әзірбай, Медина Зауырбек, Қарлығаш Жангарина, Наталия Федотенкова, Айзада Хабиболлаева енді.

Кейін аруларға түрлі сұрақтар қойылды. Байқауға қатысушылар бұл кезеңнен де сүрінбей өтті.

Әділ-қазылар алқасының шешімімен "Miss Astana" байқауында 19 жастағы Айзада Хабиболлаева жеңіске жетті. Ол арнайы тәжді киіп, "Miss Kazakhastan" ұлттық байқауына қатысуға мүмкіндік алды.

© Sputnik / Владислав Воднев"Астана аруы-2019" Айзада Хабиболлаева
Астана аруы-2019 байқауының жеңімпазы анықталды – фото   - Sputnik Қазақстан
"Астана аруы-2019" Айзада Хабиболлаева

Бірінші орынды 20 жастағы Ханзада Әзірбай жеңіп алса, екінші орынды Қарлығаш Жангарина иеленді. Үшінші орын Наталия Федотенковаға бұйырды.

Айта кетейік, арулар байқауының ақтық сыны елордадағы "ҚазМедиа Холл" телерадиокешенінде өтті.

Жаңалықтар
0