Қазақстандық көрермен үшін бірден екі тосынсый болды. "Щелкунчик" балетіндегі ханзада партиясын алматылық Нариман Бекжанов сомдады. Ол осымен сегіз жыл бойы Империялық орыс балетінің солисі. Сондай-ақ, қойылымға астаналық балалар қатысты.
"Қазақстандықтар зор ықыласпен қарсы алды. Үйге келгендей сезімде боламыз. Ұйқыға уақыт таба алмаймыз. Өйткені бәрі қонаққа шақырады. Бұл, әрине, өте керемет", - деді Sputnik-ке труппаның жетекшісі Гедиминас Таранда.
Таранда қойылымды өзінің атасына арнаған. Империялық орыс балетінің қойылымы Қазақстандағы Ресей елшілігінің қолдауымен Nomad City Hall-да өтті.
Тағы оқыңыз: Балет бишілерінің бас киімі қалай тігіледі - видео
Труппа Қазақстанға толық құрамда келді. Балет осыдан 25 жыл бұрын құрылған.