Видео

Империялық орыс балетінің Нұр-Сұлтанға сапары аяқталды – видео

Жазылу
Ұжымның 25 жылдығына арналған әлемдік турнесіндегі елдер қатарына Қазақстан да енді. Елордаға ұжым толық құрамда келді

Қазақстандық көрермен үшін бірден екі тосынсый болды. "Щелкунчик" балетіндегі ханзада партиясын алматылық Нариман Бекжанов сомдады. Ол осымен сегіз жыл бойы Империялық орыс балетінің солисі. Сондай-ақ, қойылымға астаналық балалар қатысты.

"Қазақстандықтар зор ықыласпен қарсы алды. Үйге келгендей сезімде боламыз. Ұйқыға уақыт таба алмаймыз. Өйткені бәрі қонаққа шақырады. Бұл, әрине, өте керемет", - деді  Sputnik-ке труппаның жетекшісі Гедиминас Таранда.

Таранда қойылымды өзінің атасына арнаған. Империялық орыс балетінің қойылымы Қазақстандағы Ресей елшілігінің қолдауымен Nomad City Hall-да өтті.

Тағы оқыңыз: Балет бишілерінің бас киімі қалай тігіледі - видео

Труппа Қазақстанға толық құрамда келді. Балет осыдан 25 жыл бұрын құрылған. 

Жаңалықтар
0