НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Ибрагим Ескендір малавилік қарсыласы Мусса Аджибуді нокаутқа жіберді.
Жекпе-жек Мәскеуде, "Крылья Советов" спорт кешенінде өтті. Отандасымыз қарсыласын жетінші раундта жеңді.
Мәскеудегі жеңісіне дейін Ескендір алты рет жеңіске жеткен болса, африкалық қарсыласы Аджибу 28 рет жеңіс тұғырынан көрінген екен.
Аталған кездесу он раундқа жоспарланған болатын, дегенмен Ибрагим Ескендір жетінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіре алды.
Осылайша, 33 жастағы қазақстандық боксшы бірінші ауыр салмақта IBA Asia чемпионы титулын жеңіп алды.
Жекпе-жектен кейін отандасымыз екінші раундта қолын сындырып алғанын, соған қарамастан кездесуді жалғастырғанын және жеңісін Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арнағанын айтты.