Спорт

Мәскеуде қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді - видео

CC0 / / Боксерские перчатки
Боксерские перчатки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл отандасымыз Ибрагим Ескендірдің кәсіби бокстағы жетінші жеңісі. Осылайша, ол IBA Asia чемионы титулына ие болды

НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Ибрагим Ескендір малавилік қарсыласы Мусса Аджибуді нокаутқа жіберді.

Жекпе-жек Мәскеуде, "Крылья Советов" спорт кешенінде өтті. Отандасымыз қарсыласын жетінші раундта жеңді.

Мәскеудегі жеңісіне дейін Ескендір алты рет жеңіске жеткен болса, африкалық қарсыласы Аджибу 28 рет жеңіс тұғырынан көрінген екен.

Аталған кездесу он раундқа жоспарланған болатын, дегенмен Ибрагим Ескендір жетінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіре алды.

Осылайша, 33 жастағы қазақстандық боксшы бірінші ауыр салмақта IBA Asia чемпионы титулын жеңіп алды.

Жекпе-жектен кейін отандасымыз екінші раундта қолын сындырып алғанын, соған қарамастан кездесуді жалғастырғанын және жеңісін Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арнағанын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ibragim Eskendir (@ibragim_eskendir)

Атап өтсек, Ескендір бокспен қатар музыкамен айналысады. Оның "Көк тудың желбірегені" атты патриоттық әнін барша халық біледі.

Жаңалықтар
0