Өңірлер

Синоптиктер қыстың алғашқы күні ауа райы қандай болатынын айтты

Ертең Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, республиканың оңтүстік-батысында ғана қар мен жаңбыр жаууы мүмкін
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, 1 желтоқсанда республиканың басым аумағында тұман, көктайғақ болады, бұрқасындатады, жел күшейеді. Тек оңтүстік-батыста ғана жауын-шашын күтіледі.

Өңірлерде ауа райы қандай болады

Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Алматы облысында түнде тұман түсуі мүмкін, Алакөл ауданында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырау облысында кей аймақтарда – тұман, көктайғақ, қатты жел.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында да кей жерлерде көктайғақ, бұрқасындатады, жел тұрады. Батыс Қазақстанның кейбір аудандарында тұман түседі.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар, Ақмола, ал күндіз Түркістан облысында кей жерлерде тұман түседі.

Ірі қалалардағы ауа райы

1 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда күн ашық. Түнде -17°C, күндіз -8°C. 3-5 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматыда да күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде -5°C, күндіз 0°C шамасында болады.

Шымкентте күн жылы әрі ашық. Түнде -2°C, ал күндіз +13°C.