Фото

Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестріне 85 жыл – архивтегі суреттер

Sputnik

Қазіргі уақытта әлемге әйгілі оркестрдің негізін Қазақстанның халық артисі, композитор, академик, профессор Ахмет Жұбанов қалаған. Ол ұжымның тұңғыш шығармашылық жетекшісі әрі бас дирижері болды.

Оркестрдің репертуарында 4 мыңнан астам туынды бар.

Өнерсүйер қауым қазақ музыкасымен танысу үшін, ең алдымен, Құрманғазы оркестрін тыңдау керек екенін айтады.

Тағы оқыңыз: 70-80 жылдардағы Қазақстан жастары қандай болды – ескі суреттер

Оркестр орындауындағы күй қазақ халқының жан-дүниесін, ішкі тебіренісін жеткізеді.

"Халықтың осы оркестрге деген шексіз махаббаты, музыка әлемінде ойып орын алған бедел-абыройы – бұл күллі ұжымның тер төккен еңбегінің жемісі",-деп айтқан Ахмет Жұбанов оркестр туралы.

Ұжымның архивтегі және заманауи фотоларын Sputnik фотолентасынан көре аласыз.

1 / 12
Өткен ғасырдың 30-шы жылдарында шағын домбыра оркестріне Ахмет Жұбанов жетекшілік етті. Ол ұжымның дирижері болды.
Фотода: Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық аспаптар оркестрі
2 / 12
Домбыра оркестрі I Бүкілқазақстандық халық өнері слетінде өнер көрсетті. Бұдан соң ұлттық халық аспабы оркестрін құру туралы шешім қабылданды. Оркестр елді мекендерге барып, түрлі шараларға қатысты.
Фотода: Құрманғазы атындағы оркестрінің "Луч Востока" колхозында өнер көрсетуі
3 / 12
1973 жылы күзде оркестр толыққанды кәсіби ұжым болды. Азия елдерінің музыкалық трибунасында оркестр Құрманғазының "Сарыарқа" күйін орындап, бірінші орын алды.
Суретте: Мәскеудегі Қазақ КСР мәдениет және өнерінің күндері
4 / 12
Оркестрге қазақтың ұлы күйші-композиторы, Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі, озық музыкалық туындылардың авторы Құрманғазы Сағырбайұлының есімі берілді.
Суретте: "Құрманғазы" бюсті. Мүсінші: Х.И. Наурызбаев. Мәрмәр. 1958 жыл. Т. Г. Шевченко атындағы қазақ шығармашылық галереясы
5 / 12
1956 жылы Бибігүл Төлегенова Құрманғазы атындағы қазақ филармониясы қазақ мемлекеттік академиялық оркестрі труппасының солисі болды. Әнші оркестр труппасымен бірге Кеңес одағы елдерін аралады
6 / 12
Қазіргі уақытта оркестрдің репертуарында 4 мыңнан астам туынды бар
Суретте: Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрінің солистері – Мутиса Омарова мен Роза Еслімағалиева
7 / 12
Оркестр музыканттары домбыра, қобыз, шертер, жетіген, сыбызғы, дабыл, асатаяқ, даңғыра сынды ұлттық аспаптарда ойнайды
8 / 12
Оркестрге есімі берілген Құрманғазы соңғы жылдарын Астрахан облысында өткізген. Оның жанында Мәмен, Көкбала, Ерғали Ешанов, Дина Нұрпейісова сынды шәкірттері болған. Олар кейін атақшы домбырашы болды. 1959 жылы Ахмет Жұбановтың бастамасымен сазгерге ескерткіш орнатылды
9 / 12
Композитордың есімі оркестрге ғана емес, мемлекеттік консерватория, музыкалық оқу орындары мен көшелерге берілді

10 / 12
Фотода: Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік өнер институтының студенттері шопандар алдында өнер көрсетіп тұр
11 / 12
Қазіргі уақытта оркестр репертуары заманауи композиторлардың туындыларымен толықты

12 / 12
Фотода: Алматыдағы Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрінің ғимараты