Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестріне 85 жыл – архивтегі суреттер

Жазылу
Тыңдарманның ерекше ықыласына бөленген Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестріне 85 жыл толды

Қазіргі уақытта әлемге әйгілі оркестрдің негізін Қазақстанның халық артисі, композитор, академик, профессор Ахмет Жұбанов қалаған. Ол ұжымның тұңғыш шығармашылық жетекшісі әрі бас дирижері болды.

Оркестрдің репертуарында 4 мыңнан астам туынды бар.

Өнерсүйер қауым қазақ музыкасымен танысу үшін, ең алдымен, Құрманғазы оркестрін тыңдау керек екенін айтады.

Тағы оқыңыз: 70-80 жылдардағы Қазақстан жастары қандай болды – ескі суреттер

Оркестр орындауындағы күй қазақ халқының жан-дүниесін, ішкі тебіренісін жеткізеді.

"Халықтың осы оркестрге деген шексіз махаббаты, музыка әлемінде ойып орын алған бедел-абыройы – бұл күллі ұжымның тер төккен еңбегінің жемісі",-деп айтқан Ахмет Жұбанов оркестр туралы.

Ұжымның архивтегі және заманауи фотоларын Sputnik фотолентасынан көре аласыз.

© Sputnik / Юрий Куйдин / Медиабанкке өтуӨткен ғасырдың 30-шы жылдарында шағын домбыра оркестріне Ахмет Жұбанов жетекшілік етті. Ол ұжымның дирижері болды.
Фотода: Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық аспаптар оркестрі
Казахский государственный оркестр народных инструментов имени Курмангазы - Sputnik Қазақстан
1/12
Өткен ғасырдың 30-шы жылдарында шағын домбыра оркестріне Ахмет Жұбанов жетекшілік етті. Ол ұжымның дирижері болды.
Фотода: Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық аспаптар оркестрі
© Sputnik / Иосиф Будневич / Медиабанкке өтуДомбыра оркестрі I Бүкілқазақстандық халық өнері слетінде өнер көрсетті. Бұдан соң ұлттық халық аспабы оркестрін құру туралы шешім қабылданды. Оркестр елді мекендерге барып, түрлі шараларға қатысты.
Фотода: Құрманғазы атындағы оркестрінің "Луч Востока" колхозында өнер көрсетуі
Оркестр имени Курмангазы выступает на полях колхоза Луч Востока - Sputnik Қазақстан
2/12
Домбыра оркестрі I Бүкілқазақстандық халық өнері слетінде өнер көрсетті. Бұдан соң ұлттық халық аспабы оркестрін құру туралы шешім қабылданды. Оркестр елді мекендерге барып, түрлі шараларға қатысты.
Фотода: Құрманғазы атындағы оркестрінің "Луч Востока" колхозында өнер көрсетуі
© Sputnik / Александр Невежин / Медиабанкке өту1973 жылы күзде оркестр толыққанды кәсіби ұжым болды. Азия елдерінің музыкалық трибунасында оркестр Құрманғазының "Сарыарқа" күйін орындап, бірінші орын алды.
Суретте: Мәскеудегі Қазақ КСР мәдениет және өнерінің күндері
Дни культуры и искусства Казахской ССР в Москве. Выступление Казахского государственного оркестра народных инструментов имени Курмангазы - Sputnik Қазақстан
3/12
1973 жылы күзде оркестр толыққанды кәсіби ұжым болды. Азия елдерінің музыкалық трибунасында оркестр Құрманғазының "Сарыарқа" күйін орындап, бірінші орын алды.
Суретте: Мәскеудегі Қазақ КСР мәдениет және өнерінің күндері
© Sputnik / Алексей Бушкин / Медиабанкке өтуОркестрге қазақтың ұлы күйші-композиторы, Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі, озық музыкалық туындылардың авторы Құрманғазы Сағырбайұлының есімі берілді.
Суретте: "Құрманғазы" бюсті. Мүсінші: Х.И. Наурызбаев. Мәрмәр. 1958 жыл. Т. Г. Шевченко атындағы қазақ шығармашылық галереясы
Бюст Курмангазы скульптора Х.И Наурзбаева. Мрамор. 1958 год. Казахская художественная галерея им. Т. Г. Шевченко - Sputnik Қазақстан
4/12
Оркестрге қазақтың ұлы күйші-композиторы, Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі, озық музыкалық туындылардың авторы Құрманғазы Сағырбайұлының есімі берілді.
Суретте: "Құрманғазы" бюсті. Мүсінші: Х.И. Наурызбаев. Мәрмәр. 1958 жыл. Т. Г. Шевченко атындағы қазақ шығармашылық галереясы
© Sputnik / Иосиф Будневич / Медиабанкке өту1956 жылы Бибігүл Төлегенова Құрманғазы атындағы қазақ филармониясы қазақ мемлекеттік академиялық оркестрі труппасының солисі болды. Әнші оркестр труппасымен бірге Кеңес одағы елдерін аралады
Народная артистка Казахской ССР Бибигуль Тулегенова (в центре) среди солисток оркестра народных инструментов имени Курмангазы - Sputnik Қазақстан
5/12
1956 жылы Бибігүл Төлегенова Құрманғазы атындағы қазақ филармониясы қазақ мемлекеттік академиялық оркестрі труппасының солисі болды. Әнші оркестр труппасымен бірге Кеңес одағы елдерін аралады
© Sputnik / Максимов / Медиабанкке өтуҚазіргі уақытта оркестрдің репертуарында 4 мыңнан астам туынды бар
Суретте: Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрінің солистері – Мутиса Омарова мен Роза Еслімағалиева
Солистки Казахского государственного оркестра народных инструментов имени Курмангазы - Мутиса Омарова и Роза Еслимагалиева - Sputnik Қазақстан
6/12
Қазіргі уақытта оркестрдің репертуарында 4 мыңнан астам туынды бар
Суретте: Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрінің солистері – Мутиса Омарова мен Роза Еслімағалиева
© Sputnik / Борис Елин / Медиабанкке өтуОркестр музыканттары домбыра, қобыз, шертер, жетіген, сыбызғы, дабыл, асатаяқ, даңғыра сынды ұлттық аспаптарда ойнайды
Выступление солистов Академического оркестра народных инструментов имени Курмангазы - Sputnik Қазақстан
7/12
Оркестр музыканттары домбыра, қобыз, шертер, жетіген, сыбызғы, дабыл, асатаяқ, даңғыра сынды ұлттық аспаптарда ойнайды
© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуОркестрге есімі берілген Құрманғазы соңғы жылдарын Астрахан облысында өткізген. Оның жанында Мәмен, Көкбала, Ерғали Ешанов, Дина Нұрпейісова сынды шәкірттері болған. Олар кейін атақшы домбырашы болды. 1959 жылы Ахмет Жұбановтың бастамасымен сазгерге ескерткіш орнатылды
Женщины с детьми у памятника казахскому народному музыканту Курмангазы Сагырбаеву в Астрахани - Sputnik Қазақстан
8/12
Оркестрге есімі берілген Құрманғазы соңғы жылдарын Астрахан облысында өткізген. Оның жанында Мәмен, Көкбала, Ерғали Ешанов, Дина Нұрпейісова сынды шәкірттері болған. Олар кейін атақшы домбырашы болды. 1959 жылы Ахмет Жұбановтың бастамасымен сазгерге ескерткіш орнатылды
© Sputnik / Иосиф Будневич / Медиабанкке өтуКомпозитордың есімі оркестрге ғана емес, мемлекеттік консерватория, музыкалық оқу орындары мен көшелерге берілді

Студент струнного отделения оркестрового факультета Саркыт Мансуров и студентка фортепианного факультета Ирина Абикенова - Sputnik Қазақстан
9/12
Композитордың есімі оркестрге ғана емес, мемлекеттік консерватория, музыкалық оқу орындары мен көшелерге берілді

© Sputnik / Юрий Куйдин / Медиабанкке өтуФотода: Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік өнер институтының студенттері шопандар алдында өнер көрсетіп тұр
Студентки Алма-Атинского Государственного института искусств им. Курмангазы выступают перед чабанами - Sputnik Қазақстан
10/12
Фотода: Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік өнер институтының студенттері шопандар алдында өнер көрсетіп тұр
© Sputnik / Batyrshin TimurҚазіргі уақытта оркестр репертуары заманауи композиторлардың туындыларымен толықты

Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Алматы - Sputnik Қазақстан
11/12
Қазіргі уақытта оркестр репертуары заманауи композиторлардың туындыларымен толықты

© Sputnik / Batyrshin TimurФотода: Алматыдағы Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрінің ғимараты
Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Алматы - Sputnik Қазақстан
12/12
Фотода: Алматыдағы Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрінің ғимараты
Жаңалықтар
0